Атырау облысының Қызылқоға ауданына әкім тағайындалды

836

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысының Қызылқоға ауданына әкім тағайындалды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданы мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің лауазымына Қанат Әзмұхановты ұсынды.

Мәслихат депутаттары жаңа әкімнің кандидатурасына қолдау білдірді.

Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген.

Орталық Азия университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "Қаржыгер" мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясының Астрахань мемлекеттік университеті – құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институты – іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

"Жүзе" ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі, заңгер "КаспианПроджектСервисез" ЖШС директорының орынбасары, директоры, "RegionTransCom" ЖШС бас директоры болған.

Атырау облыстық "Nur Otan" партиясы филиалы қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010-2012 ж.ж.),

"KazTransOil-Logistik" ЖШС директоры (2012-2013 ж.ж.), "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2013-2016 ж.ж.), Атырау қаласы мәслихатының хатшысы (2016-2018 ж.ж.) лауазымын атқарған. "Region Trans Com" ЖШС кадрлар жөніндегі директоры (2018-2020 ж.ж.), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (2020 ж.) болған.

Осы тағайындауға дейін 2020 жылғы тамыздан бері Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу