Атырау облысының мешіттері ел амандығы үшін құрбандық шалуда

872

Құрбан малының еті қазірге дейін 1,5 мыңдай отбасыға берілген.

Атырау облысының мешіттері ел амандығы үшін құрбандық шалуда

Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы елдің амандығын тілеп, дұға тілеу бастамасын қолдаған Атырау облысының мешіттері карантин жарияланғаннан бергі уақытта елу сиыр, жиырма төрт қой, бір жылқы құрбандыққа шалған екен. Ортақ іске орталық "Иманғали" мешітінен бөлек, қала, қала маңындағы шағын елді мекендердегі мешіттер, аймаққа қарасты жеті аудан мешіттері тұтастай атсалысқан.

"Қазіргідей қиын ахуалда бірқатар ел ағалары қамқор қолын созып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп жатыр. Мәселен, Махмуд Мералиев есімді жомарт ағамыз 32 сиырды Алла разылығы жолында құрбан етті. Осындай жақсы істер бізді біріктіре түседі. Алла Тағала ниетімізді қабыл етіп, ауырып жатқандарға шипасын бергей. Өмірден өтіп кеткен бауырларымыздың жаны жәннатта болғай. Жақсылықта жарысайық", – дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Облыстың бас имамы пандемия жағдайына қарамастан, қайырымдылық шараларын жасай беретіндерін айтады.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу