Атырау облысының Нидерландымен сыртқы сауда айналымы 9 айда 1,5 млрд долларды құрады

977

Атырау облысының Нидерландымен сыртқы сауда айналымы 9 айда 1,5 млрд долларды құрады

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Копты қабылдады. Бұл туралы  Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Кездесу барысында Дирк Ян Корп Нидерланды Корольдігінің Атырау облысына қызығушылығын білдірді. 

"Сіздің өңір инвестициялық тартымды аймақ екенін білеміз, – деді Елші. – Біз компанияларымыздың екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастығымызды нығайта отырып, Атырау облысында жұмыс істеуіне мүдделіміз. Кедендік статистика деректеріне сәйкес, Атырау облысының Нидерланды Корольдігімен сыртқы сауда айналымы  2016 жылғы 9  айда 1,5 миллиард АҚШ долларын құраған. Бүгінгі күні облыста голландық капиталдың қатысу үлесімен 96 кәсіпорын тіркелген".

"Біз Мемлекет басшысы берген  әлеуетті инвесторларға жағдай жасау бойынша тапсырма шеңберінде жұмыс жасаймыз" – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Әрине, біз де инвестициялар тартуға мүдделіміз және  одан әрі екі елдің  арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз".

Жалпы алаңы 4,7 мың гектар "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырушылардың  бірі  болып тұр. Аталған технопарк аумағында  14 қатысушы тіркелген және бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар Дирк Ян Корп Атыраудағы голландық үйірмесі бар мектепті барып көрді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу