Атырау облысының сейсмологиялық картасы жасалады

443

Осыған байланысты Сейсмология институтына өтінім беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысының сейсмологиялық картасы жасалады Фото: canva.com

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, сейсмологиялық карта қауіпті нүктелерді анықтау үшін қажет.

Карта дайын болған соң сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі.

"Біздің өңір сейсмолгоиялық қауіпті аймаққа жатпайды. Соған қарамастан, облыс әкімінің тапсырмасына орай сейсмологиялық картаны, эвакуациялау пункттерін дайындау жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындарға мұндай пункттердің мекен-жайы хабарланады. Өйткені өңір тұрғындары хабарландыруларды дер кезінде алуы керек", – дейді Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуына қарағанда, Атырау – елімізде мол мұнай өндірілетін ең ірі өңір. Жер астындағы табиғи байлықты көп алынатын өңірлерде белгілі бір деңгейде сейсмологиялық қауіп туындауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу