Атырау облысының Талдыкөл ауылын полицейлер бақылауда ұстап отыр

215

Атырау полицейлері тұрғындары эвакуацияланған Талдыкөл ауылын бақылауға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысының Талдыкөл ауылын полицейлер бақылауда ұстап отыр Фото: atyrau360.kz

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары Атырау қаласына эвакуацияланды. Қазір аталған ауылда полиция қызметкерлері патрульдік бақылауды күшейтті.

"Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, ағыс қарқынының күшеюіне байланысты Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылына су басу қаупі төнді. Сол себептен, тұрғындары толық эвакуацияланған ауылда қоғамдық қауіпсіздікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етуді қолға алды. Ауылдағы патрульдік бақылау жүргізуге 14 полиция қызметкері, 5 патрульдік көлік тартылды. Патрульдеу және кезекшілік тәулік бойы жүргізіледі. Тұрғын үйлер мен шаруашылық мақсаттағы нысандар тәулік бойы күзетіледі. Мақсат – қараусыз қалған үйлер мен нысандарда талан-таражға жол бермеу", – деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Еске сала кетелік, кеше Атырау-Орал трассасынан Талдыкөл ауылына баратын жолды тасқын су басты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу