Атырау облысының тұрғыны КСРО төлқұжатымен өмір сүріп келген

392

Ер адам биыл ғана жеке куәлігін алды.

Атырау облысының тұрғыны КСРО төлқұжатымен өмір сүріп келген Фото: atpress.kz

Атырау облысының 65 жастағы тұрғыны осы уақытқа дейін КСРО төлқұжатымен жүрген, деп жазады inbusiness.kz atpress.kz порталына сілтеме жасап.

Индер ауданының тұрғыны осы уақытқа дейін ескі құжатпен өмір сүрген. 2023 жылы ғана емделу мен зейнетақы құжаттары бойынша мәселеге байланысты куәлік алу туралы шешім қабылдады. 

"Аудандық полиция бөлімі бастығының нұсқауы бойынша көші-қон қызметі тобының аға инспекторы 65 жастағы азаматқа жеке куәлігін жедел дайындап, тапсырды.  Былтыр Құрманғазы ауданында осындай 3 жағдай тіркелген", -деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу