Атырау обылысы тұрғындары шегірткілер қаптағанын айтып дабыл қағуда

370

Алайда облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекциясында бұл қауесет жоққа шығарылды. 

Атырау обылысы тұрғындары шегірткілер қаптағанын айтып дабыл қағуда Фото: Егемен Қазақстан

Шегірткенің қаптағаны жайлы видеолар Атырау облысының тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды inbusiness.kz AtyrauPress сілтемесімен.

Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде шегірткелерге толы видеолар таратылады. Аймақ тұрғындары "Құрманғазы ауданында шегіртке өршіп тұр" деген атаумен видеоларды тарата бастаған.

Алайда облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекциясында бұл қауесет жоққа шығарылды.

"Тұрғындарға қоиқуға еш негіз жоқ, жағдай Атырау облысының аумағында болып жатқан жоқ. Бұл видео Астрахан облысы мен Қалмақ шекарасында түсірілген. Бізге келетін болсақ, бүгінде біз шегірткеден жерді өңдеу жұмыстарын аяқтадық", - деді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекциясының басшысы Руслан Шұғаепов.

Ол негізінен Исатай және Құрманғазы аудандарының аумағында жалпы ауданы 28 мың гектардан астам жерді өңдеу жүргізілгенін атап өтті.

"Зиянкестердің көбеюі қаупі жоқ. Сонымен қатар, осы айдың соңында біз зиянкестерге қарсы шаралар аясында болашақ таралу аумақтарын анықтау үшін жұмыртқа салатын аймақтарды бақылауд ұстаймыз", - деп қорытындылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу