Атырау-Орал трассасының Махамбет ауданындағы 44-шақырымы жырылды

289

Атырау облысы жедел штабтың мәліметінше, су тасқынынан Махамбет ауданындағы елді мекендерге қауіп төнген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау-Орал трассасының Махамбет ауданындағы 44-шақырымы жырылды Фото: Атырау облысының жедел әрекет ету орталығы

"Аталған жағдайға байланысты республикалық Атырау-Орал тас жолының 44 шақырымы жырылды. Бұл ағысы қатты өр суының елді мекендерге қаупін сейілту мақсатында жасалды", - деп хабарлады облыстық жедел штабтан. 

Атыраудан Батыс Қазақстан облысына жол жүретін жүргізушілерге екі бағыт ұсынылып отыр. Бірінші бағыт – Исатай ауданындағы Х.Ерғалиев ауылы арқылы Махамбет ауданының аумағындағы Атырау-Орал трассасына жету.

Екінші бағыт – Атырау-Индер облыстық маңыздағы автожолымен жүріп, Махамбет ауданындағы Ортақшыл ауылы тұсындағы көпірден өту. Бұл көпірден Махамбет ауылының тұсында Атырау-Орал тас жолына бұрылуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу