Биылғы жылдың сәуір айында "Атырау-Орал" жолын жөндеу бойынша жобалауға конкурс жарияланған. Бүгінгі таңда 8 учаске бойынша мұны жүзеге асыратын ұйымдар анықталды, деп хабаралайды inbusiness.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға сілтеме жасап.
"Жобалаушылар дереу жұмысқа кірісіп, сапалы жоба әзірлеуге ниетті. Акционерлік қоғамның облыстық филиалында жобалау ұйымдарының өкілдерімен кеңес өтті. Кездесу барысында бастапқы құжаттарды алу бойынша негізгі мәселелер талқыланып, жұмысты жетілдіру, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, халықтың тілектерін есепке алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Филиал өз тарапынан жобалаушыларға жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау үшін қолдау көрсетеді", – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
"Атырау-Ора" автомобиль жолы екі облыс орталығын байланыстыратын маңызды көлік дәлізі. Тиісінше, жаңғырту екі өңір үшін де аса қажет.