Атырау перзентханалары ақылы қызмет бағасын заңсыз көтерген

967

Атыраулық прокурорлар облыс орталығындағы перзентханалардың былығын әшкереледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Атырау перзентханалары ақылы қызмет бағасын заңсыз көтерген

Перинеталдық орталықтағылар ақылы қызмет құнын негізсіз көтеріп, ойларына келген бағаны қойған. Ол аздай, скринингтік тексеру тізіміне министрлік бірнеше жыл бұрын алып тастаған процедураны да қосып, ол үшін қаржы алып отырыпты.

Медициналық мекемелерде генетик маман болмағанына қарамастан, ақылы қызмет тізіміне енгізген.

Осындай тәртіпсіздіктерге жол берген қалалық және облыстық перзентханалардың екі экономисі қызметіне немқұрайлы қарағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу