Атырау перзентханаларының бірінде 25 жастағы жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 қыркүйек күні сағат 9-дар шамасында 103 нөміріне қоңырау түскен. Жүктіліктің 38-39-шы аптасында жүрген келіншек өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Науқас шұғыл түрде облыстық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйел адамның өліміне әкеп соққан себептер туралы тергеу амалдары аяқталған кезде хабарлайтын болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу