Атырау полицейлері бір аптада 1 млн. теңгеден астам айыппұл салды

855

Оны төлейтіндер – қоршаған ортаны ластағандар.  

Атырау полицейлері бір аптада 1 млн. теңгеден астам айыппұл салды

Атырау облысы аумағында қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қорғауға бағытталған "Таза Қазақстан" шарасы өтіп жатыр. Шара тамыз айының соңына дейін жүріп, қорытындылануы тиіс. Алайда, тек қана 10-16 тамыз аралығында Атырау полицейлері экологиялық құқық бұзушыларға алты жүзге жуық хаттама бойынша 1 млн.242 680 теңге айыппұл салып отыр.

Мұның ішінде, экологиялық әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 106 құжат рәсімделіп, 263 910 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл жағалауларда ішімдік ішкен немесе мас күйінде жүргендер, жасыл желектерді жұлып, бүлдірген, белгіленбеген орындарда балық аулаған, темекі, қоқыс қалдықтарын тастаған тұрғындарға қатысты қолданылған шаралар. Көбірек кездескені – рұқсат етілмеген жерлерде суға түскендер болыпты, бір ғана апта ішінде осындай бейғамдық танытқан 247 адам анықталған.

"Полицейлер  құзырлы  мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп  өзендер мен көл жағажайларын, демалыс аумақтарын, тоғайларды  қатаң бақылауда. Әсіресе, адамдар көп жиналатын  Жайық өзенінің жағалаулары, Индер ауданындағы Тұздыкөл жағалауы, Жылыой ауданындағы Қамыскөл  жағалаулары мен демалыс аймақтарына рейдтік шаралар ұйымдастырылуда", – деп хабарлайды Атырау Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу