Атырау полицейлері жол бойында қалған көлік жүргізушілеріне көмектесті

451

Барлығы 250-ден астам көлік қажет бағыттарға жеткізілді. 

Атырау полицейлері жол бойында қалған көлік жүргізушілеріне көмектесті Фото: inbusiness.kz

17 желтоқсан күні облыс аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

“Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді”, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Индер ауданының аумағындағы елді мекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерінен алыс сапарлардан уақытша бас тартып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу