Атырау полициясы 60 адамға іздеу жариялады

422

Оның ішінде із-түзсіз жоғалған 19 адам мен 41 қылмыскер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау полициясы 60 адамға іздеу жариялады Фото: sputnik.kz

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Оның ішінде Атырау қаласынан 6, Жылыой ауданынан 3, Мақаттан – 3, Индерден – 3, Құрманғазы, Махамбет және Қызылқоға аударынан бір-бір адамнан бар.

Түркістан облысының бір тұрғынына да іздеу салынған.

Индер ауданының бір тұрғыны 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал, Мақат ауданының 51 жастағы тұрғыны Шымкент қаласынан былтырғы 1 маусымда Доссор кентіне келмек болған. Алайда, тұрғылықты мекенжайына жетпеген.

Сондай-ақ қылмыс жасаған 41 адамға іздеу жарияланып отыр. Қылмыс жасады деген күдікке ілінгендердің дені – ер адам. Арасында екі әйел бар. Оның бірі 1973, екіншісі 1997 жылы туған. Іздеудегі күдіктілердің үлкені – 65 жаста болса, ең жасы – 2001 жылғы жігіт.

"Атырау облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасымен қылмыскерлер іздестірілуде. Іздеуде жүрген азаматтарға қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияға +7 705 241 5236 немесе 102 телефоны арқылы хабарлау сұралады", - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу