Атырау шетелге балық өнімдерімен таныла бастады

1048

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов осылай деп мәлімдеді. 

Атырау шетелге балық өнімдерімен таныла бастады

"Өңірде балық шаруашылығына үлкен қолдау көрсетілуде. Қазіргі кезде өңірде 18 өндірістік кәсіпорын балық аулаумен және оны өңдеумен айналысады. Аталған кәсіпорындар өткен он айда 7мың 300 тонна балық ауланып, 2019 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,5% жоғары нәтижеге қол жеткізді", – деді облыс басшысы. 

Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Атырау облысында ауланған балықтың 81%-ы шетелдерге экспортталады екен. 

"Бір жетістігіміз "Атырауда жасалған" деген атаумен шығарылып жатқан балық өнімдері шетелдерге таныла бастады. Сондай-ақ бекіре өсіру үшін Атырау қаласындағы 2 зауыт жұмыс істеп тұр. Олар жылына теңізге 7,5 млн шабақ жібереді. Нәтижесінде балық саны көбейеді", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу