Атырау тергеу изоляторының қызметкерлері қателесіп басқа тұтқынды бостандыққа шығарған

148

Атырау облысындағы тергеу изоляторында қылмыстық қателікке әкелген күлкілі жағдай орын алды.  

Атырау тергеу изоляторының қызметкерлері қателесіп басқа тұтқынды бостандыққа шығарған Фото: massaget.kz

Бостандыққа жазасын өтеу мерзімі аяқталған адам емес, басқа бір адам босап шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап. 

Дереккөздерге қарағанда, екеуінің фамилиялары ұқсас болғандықтан, шатасу болған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде басқа адамның деректері тұрды. Құжаттарға изолятордың бірнеше басшысы қол қойып, содан кейін "бақытты жан" изолятордан шығып кеткен.

Бостандық ұзаққа созылмады. Қызметкерлер қателікті анықтаған соң, ер адам изоляторға қайтарылды.

– Изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК келді, – деді дереккөз.

ҚАЖД аталған жағдай қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу