Атыраулықтар қаладан жаппай кетіп жатыр деген жалған хабар тарады

229

Қазір вокзалда ешқандай қарбалас жоқ.

Атыраулықтар қаладан жаппай кетіп жатыр деген жалған хабар тарады Фото: видеодан алынған кадр

Атырау облысының тұрғындары жаппай кетіп жатқан жоқ. Облыстық жедел штаб осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жедел штаб әлеуметтік желіде Атырау теміржол вокзалының перронынан түсірілген видеоға түсінік берілді. 

"Бейнежазба авторы жергілікті жұртшылыққа „тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр“ деген жалған ақпарат таратқан. Ал, кеше, 10 сәуір күні теміржол стансасына бір мезгілде төрт пойыз келді. Бұл — Құлсарыдан вахталық жұмысшылар тасымалдайтын, „Атырау-Құлсары“, Құрманғазы ауданындағы „⁠Ақкөл“ бағытына және Алматыға қатынайтын пойыз. Жолаушылар пойыздары жөнелтілгеннен кейін вокзал перроны босады. Қазір вокзалда ешқандай қарбалас жоқ", - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу