Атырау тұрғыны 15 жыл бойы сатып жіберген көлігінің салығын төлеп келген

629

Көліктің қазіргі иесі табылды. 

Атырау тұрғыны 15 жыл бойы сатып жіберген көлігінің салығын төлеп келген Фото: Inform.kz

Атырау облысының тұрғыны ГАЗель автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Бұл аралықта сатылған көлігінің салығы мен айыппұлдарын төлеп келген, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, әйел адам соңғы 5 жылда бұрынғы ГАЗель автокөлігін іздеумен айналысқан. 

"Былтыр Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болды. Көліктің Алматы облысындағы Қаскелең қаласында болғандығы анықталып, қазіргі иесі табылды. Оның бұрынғы иесі ГАЗельді тіркеуден шығарды", - делінген хабарламада.

Көліктің қазіргі иесі Атырау тұрғынына автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу