Атырау тұрғыны лотореядан 109 млн теңге ұтып алды

797

Ол 45 жылдан бері ұтыс ойындарына қатысып келеді екен.

Атырау тұрғыны лотореядан 109 млн теңге ұтып алды

Атырау қаласында тұратын 66 жастағы зейнеткер 109 млн теңге ұтып алды. Бұл – еліміз тәуелсіздік алғалы тұңғыш рет "Сәтті Жұлдыз" АҚ ұйымдастырған "Loto 6/49" лотереясынан ұтып алынған ең ірі джекпот екен.  

Жеңімпаз Алматы қаласына рекордтық чегін алу үшін арнайы келген. Алайда, белгілі себептерге байланысты ол бет-жүзін көрсетпей, аты-жөнін жасырын ұстауда. Айтуынша, ұтып алған қаражатын 11 немересіне таратып, өзінің, жақын-жуығының қажетіне, қайырымдылыққа жұмсамақ екен.

Джекпот иесі лоторея ойындарын 45 жылдан бері құр жібермей ойнап келген. Бірақ, ең үлкен көлемде қаржы ұтып алғаны бірінші рет. Бір қызығы, ол бұл ойынға "Автоохота" акциясы бойынша қатысып, "Toyota Camry" автокөлігін ұтып алуды армандаған. 

Лоторея бойынша белгілі болғаны, "Loto 6/49" 2018 жылғы наурыз айынан ойнала бастаған. Старттық джекпот 20 млн.теңге құрайды және ол біртіндеп көбейе түседі. Лотореялық билеттегі 49 санның ішінен 6-уын тапқан адам джекпот ұтып алады. Қазіргі күні осы лоторея бойынша сомасы 145 млн.теңге құрайтын және тираж сайын өсе беретін "SuperBingo"-ны ешкім ұтып алмаған. 

Қомақты ақша ұтып алған қатысушының қауіпсіздігі үшін ұтыс оның банктік есепшотына аударылып, жалпы ұтыс сомасының 10 пайызы мемлекет пайдасына салық ретінде ұсталады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу