Атырау тұрғынынан 600 дана киік мүйізі тәркіленді

266

Күдікті Орал қаласында ұсталды. 

Атырау тұрғынынан 600 дана киік мүйізі тәркіленді Фото: Polisia.kz

Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600  киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер  "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөліті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды. 

Автокөлік рөлінде Атырау облысының тұрғыны болған және ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу