2 сәуірде Атырау тұрғындары Facebook әлеуметтік желісінде қою түтінге шағымданды. Сағат 18.00-ден бастап қаланың барлық аумағын бірте-бірте түтін басып қалды.
Бұған қамыстың тұтануы себеп болып шықты. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті сөндірумен айналысып жатқанын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу