Осының нәтижесінде, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аймақ нарығында 70%-дан астам үлесімен үстемдікке ие екендігі анықталды. Аталмыш ЖОО-да "Стандарттау, метрология және сертификаттау", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Ақпараттық жүйелер" және басқа да бірқатар мамандықтар бойынша оқу құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60%-ға жоғары екені анықталды.
Осыны қаперге алған өңірлік монополияға қарсы Департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты 2022 жылдың 10 маусымында монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұрған үшін тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.