Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары алған мемлекеттік тіркеу нөмері белгілері үшін 59 адам 14 млн теңгеден астам мемлекеттік баж салығын бюджетке төлемеген. Ал 78 адамнан 2,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік салығы баж толық төленбеген. Одан Бөлек, 52 қызмет алушы жалпы сомасы 14,4 млн теңге мемлекеттік баж салығын төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды.
Осылайша, 2019-2021 жылдар кезеңіндегі мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келген.