"Жайық-Атырау" бекіре балық өсіру зауытында қорытпа, бекіре, пілмай және шоқыр шабақтары Жайық өзеніне жіберілді. Олардың жалпы саны 3,5 миллионды құрайды, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Бұл жұмысты бақылау үшін арнайы комиссия құрылып, ол 16 тоғанда өсіріліп жатқан шабақтардың әрқайсысының салмағы мұқият өлшенуін қадағалап отырды. Комиссия құрамына Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми орталық өкілдері кірді.
Осылайша, тоғандарда шамамен екі ай тіршілік еткен шабақтар Жайыққа жол тартты. Бекіренің аталған бес түрі де бір-біріне ұқсамайды. Өлшемдері шамамен 7-47 грамм аралығын құрайды.
"Бүгінгі шара биылғы көктемде басталған балық өсіру жұмыстарының ақтық кезеңі, яғни, мәресі деп қарастыруға болады. Ең алдымен, аналық және аталық балықтар ауланып, олардан жасанды ұрықтандыру жолымен уылдырық алынды. Кейін шабақтар өсіп-жетілді. Міне, енді оларды Жайыққа жіберіп жатырмыз", - дейді "Жайық-Атырау" бекіре балық өсіру зауытының директоры Ғилыман Сәрсемалиев.
Құралай Қуатова