Атырау зауытында дизель ұрламақ болғандардың жолы кесілді

746

2022 жылы 10 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауытының корпоративтік қауіпсіздік бөлімі зауыт аумағынан мұнай өнімдерін автокөлікпен алып шықпақ болғандарды тоқтатты.  

Атырау зауытында дизель ұрламақ болғандардың жолы кесілді

Көлік тізгінінде көлік қызметін көрсететін мердігер ұйымның жүргізушісі

болғаны анықталды. Ауысым аяқталғаннан кейін жүргізуші "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС аумағынан растайтын құжатсыз 5 текше метр дизель отынын Атырау қаласында жеке тұлғаларға сату үшін шығармақ болған.

Қолда бар материал Атырау полиция басқармасына берілді. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту мәселелері компания басшылығының тұрақты бақылауында екеніне назар аударады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу