Атырау ЖЭО Орал өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына кінәлі екенін мойындады

1850

Компания өз кінәсін мойындап, шығынның орнын толтырған.

Атырау ЖЭО Орал өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына кінәлі екенін мойындады

"Атырау жылу электр орталығы" АҚ Орал өзеніндегі балықтың жаппай қырылуына кінәлі екенін мойындады. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің балық қорына қолсұғушылық  қылмысымен күресу бөлімінің басшысы Серік Жанұзақов мәлім етті, деп хабарлайды "МОЙ ГОРОД" баспасы.

Серік Жанұзақовтың айтуынша, АЖЭО-ға қатысты қылмыстық іс қазір тоқтатылған, өйткені компания өз кінәсін мойындап, шығынның орнын толтырған.

Екінші қылмыстық іс бойынша "Атырау су арнасы" басшылығы күдікті деп танылды.

"Барлық тергеу әрекеттері тоқтатылды, өзен суының бұзылуы мен балықтардың қырылуына  хлор себеп болғаны белгілі болды. Іс одан әрі сотқа беру үшін қадағалау органында. Тергеу жұмысымен ІІМ-нің арнай тобы айналысқанмен, сот Атырауда өтеді", – деп жазған "Ақ Жайық" Серік Жанұзақовтың сөзін.

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының халқымен кездескен болатын. Кездесу барысында Оралдағы балықтың улануына қатысты жағдайды өз бақылауына алғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу