2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 "Атырау – Алматы" жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі 15-тен астам вагоннан тұрады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.
Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты сайттағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар.