Атырауда 1,5 келі бекіре уылдырығын заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

177

Полицейлер 1,5 келі бекіре уылдырығын тасымалдаған 63 жастағы ер адамды рейд кезінде ұстады.  

Атырауда 1,5 келі бекіре уылдырығын заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды Фото: azh.kz

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Lada Vesta көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде қорғауға алынған бекіре тұқымдас балық уылдырықтары табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған факті бойынша жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері мен олардың дериваттарының заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Істің басқа жай-жапсары тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу