Заңсыз балық аулауға тосқауыл қою үшін мобильдік кемелер мен автокөлік бақылау топтары ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты ІІМ-ге сілтеме жасап.
Нәтижесінде 101 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 6-уы бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, рейд барысында 1 су көлігі, 26 балық аулау құралы және жалпы салмағы 1 тонна 637 келі балық өнімдері тәркіленді. Оның ішінде 311 келі – бекіре тұқымдас балықтар, 2 келіден астам – уылдырық. Барлық тәркіленген өнімдер балық зауытына тапсырылды.
Жайық–Каспий бассейнінің су ресурстарын сақтау мақсатында Атырау облысының полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, браконьерлікпен күрес жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.