Атырауда 1 қыркүйек күні қоғамдық көлік тегін болады

491

Қала әкімінің ұсынысын жолаушы тасмалдайтын кәсіпорындар қолдаған.

Атырауда 1 қыркүйек күні қоғамдық көлік тегін болады Фото: inbusiness.kz

Атырау тұрғындары 1 қыркүйекте қоғамдық көлікпен тегін жүреді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, бұл ұсыныс жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар тарапынан қолдау тапқан.

"Бұрыннан мемлекеттік мереке күндері автобустарда тегін жүру акциялары іске асырылып келеді. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Білім күнің байланысты маңыздылығын ескеріп, Атырау қаласындағы ата-аналар мен оқушыларға, мұғалімдер мен шаһар қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік. Осы орайда жолаушыларды автобуста тегін тасымалдау туралы "Ақжайық", "Атырау", "Алғабус" автопарктерінің басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысыма бірауыздан қолдау білдірді. Білім күні – 1 қыркүйекте шаһар тұрғындары мен қонақтары Атырау қаласыда, оған таяу орналасқан елді мекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустар тегін қызмет көрсетеді", деп хабарлады қала әкімі Шәкір Кейкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу