"Сергек" жобасының операторы "Көркем Телеком" ЖШС 774 камера 1 маусымда жұмыс істейтінін хабарлады. Одан бөлек түрлі ұйымдардың камералары мен полицейлердің видеофиксаторлары ортақ жүйеге қосылады.
"Сергектің" жаңа буыны бағдаршамның қызыл түсіне өткендерді, жолақтан жолаққа дұрыс ауыспағандарды, стоп-сызықтан асқандарды және жылдамдық режимін бұзғандарды анықтайды.
Айта кетейік, Алматыда 1 қаңтардан бастап "Сергектің" 400 комплексі жұмыс істей бастады. Биыл тағы 300 комплекс орнату жоспарланған.
Олжас Оқас
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу