Атырауда 1 мыңға жуық адам түнгі марафонға қатысты

627

Түнгі марафон 4,5 шақырым қашықтықты қамтыды. 

Атырауда 1 мыңға жуық адам түнгі марафонға қатысты

Осымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Түнгі марафонға қатысушылардың көбі жастар. Дегенмен, егде жастағы қатысушылар да аз емес. Соның бірі – 51 жастағы Ажар Алимақанова жүгіруді әдетке айналдырған тұрақты қатысушымыз. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатқан марафон алдағы уақытта да жалғасын таба бермек", – дейді "Atyrau Marathone-2019" ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев. 

Түнгі марафон 4,5 шақырым қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға сөре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және "ең жарқыраған киімді" таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды. 

Айта кетейік, шілде айында дәстүрге айналған "Экомарафон" өтетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу