Атырауда 1 тәулікте мас күйде көлік жүргізген 4 адам анықталды

261

Көліктері арнайы тұраққа қойылды.

Атырауда 1 тәулікте мас күйде көлік жүргізген 4 адам анықталды Фото: soltustikkaz.kz

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде мас күйде көлік басқарған төрт жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәселен, 10 қазан күні сағат 02:00-де Берғалиев көшесінде Lexus автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 1985 жылы туған жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды.

Сондай-ақ сағат 01:10-де Қ. Ғаббасов көшелерінің қиылысында Renault Laguna автокөлігін тізгіндеген 2004 жылы туған жүргізуші мас күйде ұсталды.

Барлық жүргізуші медициналық куәландырудан өтіп, көліктері арнайы тұраққа қойылды. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Полиция мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу