Қазіргі таңда 1992, 2001 және 2003 жылы туған күдіктілер анықталып, ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қала тұрғыны Атырау қалалық полиция бөлімшесіне хабарласып, қоймасынан өзіне тиесілі 87 дана жылу батареясы, 15 қорап ішіне оралған 10 дана газ есептегіші мен 20 дана болатын су есептегішін ұрланғаны туралы шағымданған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу