Атырауда 100 зейнеткер шипажайда тегін емделеді

794

Келісімшартқа сәйкес облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ем-домды қажет ететін 100 жалғызбасты зейнеткердің тізімін ұсынады.    

Атырауда 100 зейнеткер шипажайда тегін емделеді Фото: inform.kz

Республика күні қарсаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, өңірде жұмыс істейтін компания мен "Атырау шипажайы" АҚ арасында үшжақты келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Егде жастағы қарттарға қамқорлық көрсету мақсатында жалғызбасты және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы ардагерлерге жергілікті шипажайға жолдама беруді жөн көрдік. Өйткені, егде жастағы қарияларға өзге аймақтақтарда орналасқан курорттық шипажайларға барып-келу оңай емес. Сол себептен, олар шипажайларға барудан бас тартады. Осыны ескеріп, "Атырау шипажайы" басшылығы мен жергілікті компанияның біріне ұсынысымызды білдірдік. Олар бұл ұсынысымызға қолдау білдіріп, 100 жолдамаға қаржы бөлуге шешім қабылдады", - деді басқарма басшысы Азамат Мәмбетов.

Оның айтуынша, тегін жолдамамен қариялар балшықпен, парафинмен емделіп, минералды ванна, физиотерапия, емдік массаж және галотерапия секілді процедураларды алады. Сондай-ақ төрт мезгіл тамақ пен бір стандартты бөлмемен қамту қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу