Атырауда "Халық" қайырымдылық қоры 1000 адамға дәрі мен азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін 6 категория бойынша ұсынды. Қайырымдылық қорынан келген 1000 жиынтық қала мен аудандардағы отбасыларға таратылып жатыр" деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀
Жалпы салмағы 60 келіден асатын әр жиынтықта коронавирус инфекциясынан емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар, азық-түлік, ыдыс жууға арналған сұйықтар, сондай-ақ, антисептикалық құралдар және медициналық маска бар. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға дәрі-дәрмектің ірі партиясы тиелген жүк көлігі келген еді.