Атырау қаласының тұрғындары 11 күн бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, ыстық су беруді уақытша тоқтату жөндеу жұмыстарымен байланысты болып отыр.
"Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады. "Атырау жылу жүйелері" АҚ күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес қалада жылу пункттерінен магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтататынын, хабарлайды. Осыған байланысты уақытша туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз", -деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу