Сол күні түнгі сағат 22:30 шамасында анасына "зираттың жанында келе жатырмын, адасып кеттім" деп хабарласқан.
Алайда, содан кейін жоғалған ер адамнан еш хабар болмаған. Туыстарымен байланысқа шықпаған. Оның қай бағытқа кеткені белгісіз болып отыр.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Іздестіру жұмысына Жылыой аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері тартылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу