"Қазір қалада және қала маңындағы елді мекендерде 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңаталап, Дамба, Ақжар-2, Бірлік-2, Көктем-2 ауылдарында, қалалық Нұрсая, Сарыарқа, Еркінқала-2, Тасқала-2, Талғайран шағын аудандарында жаңа білім ошақтары бой көтеруде. Сондай-ақ М.Жұмабаев атындағы №1 орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл мектептердің ашылуы үш ауысымда оқытуды барынша азайтуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Атырау қаласы мен Бисекті және Еркінқала-2 ауылдарында тоғыз балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Қаладағы жаңа шағын аудандарда балабақшалар ашылады.
Келер жылы "Комфорт мектебі" пилоттық жобасы бойынша қалада сегіз мектептің құрылысы басталмақ.