Жайық өзенінің жағасынан 160 тонна қоқыс шығарылды. Өткен сенбіде қала тұрғындары "Жайық" өзенінің жағалауына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізген.
Су тасқыны кезінде өзен жағасына 5 миллионға жуық қап топырақ төселген. Судың деңгейі төмендегеннен кейін өзен бойына тазарту қажеттілігі туындаған. Оның үстіне жағаға келіп демалушылар да өздерінен кейін көп қоқыс қалдырып кетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу