Атырауда 17 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

1084

Атырауда 17 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

Өткен жылы Атырау қалалық тұрғын үй секторында кезекте тұрған қала тұрғындарына 18 көпқабатты үйдегі 1215 пәтер пайдалануға берілген.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі берген мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне тіркелгендер саны 17 694 адамды құрайды.

Олардың арасында халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз тобына жататындар – 5680,  мемлекеттiк қызметшi, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерi, әскери қызметшi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 10910, жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 888,  жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 216 адамды құрайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу