Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайыққа батып кетті

1042

Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайыққа батып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері су айдындарында 21 адам батып кеткен. Оның ішінде 7 бала бар. Ал, құтқарылған 3 адамның екеуі бала.

"2 тамызда сағат 19:14-те Атырау қаласының маңындағы Томарлы ауылының тұсында 17 жасар жасөспірімнің суға батқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Сүңгуірлер кешкі сағат 21:03-те суға батқан жасөспірімнің денесін тауып, жағаға шығарды" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері 356 профилактикалық рейд өткізілген. Оның ішінде 218 рейд полициямен бірлесе жүргізілген.

"Соған қарамастан, құтқарушылар мен полицейлердің ескертуін елемей, арнайы белгіленбеген орында суға шомылатындар азаймай отыр. Полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда шомылғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 200 мың теңгеден астам айыппұл сомасын құраған 369 хаттама толтырды" -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу