Атырауда 2,5 мың ақбөкен мүйізі тәркіленді

756

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  

Атырауда 2,5 мың ақбөкен мүйізі тәркіленді Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атыраулық полицейлер 2,5 мың ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Береке шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2 421 дана ақбөкен мүйізі анықталған. Аталған дерекке қатысты 1991, 1987 және 1986 жылы туған күдіктілер ұсталды.

"Келтірілген шығын 6 млрд 264 млн теңгеден асады. ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", – деді Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Әмірханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу