Атырауда 2 баланы ұрлаған әйел Құлсарыдан ұсталды

6705

Атырауда 2 баланы ұрлаған әйел Құлсарыдан ұсталды

Атырау облысының Мақат ауданында 4-5 жастағы екі кішкене бала жоғалып, аудан тұрғындары 28-нен 29 қыркүйекке қараған түні әбігерге түсті, деп хабарлайды atr.kz.

Мақат кентіндегі Локомотив ауылының кішкене тұрғындары Әмина мен Игілік түс әлетінде ойнауға шығып кетіп, оралмаған. Кешкі 18 сағаттан бастап іздеген ата-аналары балаларының ауыл маңынан таппаған соң, құқық қорғау орындарына хабар берген. Жергілікті полицияға дабыл түскен бойда жеке құраммен жедел іздестіру тобы құрылып, іздеу шараларын жүргізді.

Іздестіру жұмыстарына аудан әкімдігі, прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, мекеме, кәсіпорын, мектеп ұжымдары мен оқушылар, 500-ге жуық еріктілер жұмылды. Абырой болғанда, балалар аман-сау. Жедел-іздестіру тобының қырағылығы нәтижесінде балаларды бейтаныс әйелдің ертіп кеткенін анықтап, Құлсары қаласынан қолға түсірді. Қазіргі таңда бала ұрлаған әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу