Атырауда "Газель" маркалы автокөлігі мен екі қабатты тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Кеше сағат 15.38-де Атырау қаласындағы Көктем ықшамауданында орналасқан №10 көшенің №3 үйдің ауласында "Газель" маркалы автокөлігі өртеніп, одан шыққан жалын 168 шаршы метрді құрайтын құрылысы біте қоймаған екі қабатты тұрғын үйдің шатырына жайылған. Өрт кезінде 1992 жылы туылған үйдің иесі зардап шеккен. Денесін 20-25% күйік шалған, зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, оқиға орнына Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің жеке құрамында 11 адам мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт сағат 16.56-да толықтай ауыздықталды.