Апатты мектепте оқу мүмкін емес, сондықтан балалар өзге білім ошақтарына ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz білім басқармасына сілтеме жасап.
Бұған дейін аралас мектептің 2075 оқушысы онлайн режимде білім алған. Бұған ата-аналар наразы болды. Енді бастауыш сынып №20 мектеп-лицейіне, жоғары сынып №8 мектепке ауыстырылды.
Алайда, тағы бірнеше сынып оқушыларына оқитын жер керек. Білім ошағында 150 мұғалім бар. Ғимратты бастан аяқ жөндеу жоспарланып отыр. Нысанға толықтай сараптама жасалмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу