102 операторына лифтіде қалып қойған сәби туралы хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8-қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.
"Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу