Атырауда 20 жаңа автобус пайдалануға берілді

1190

Атырауда 20 жаңа автобус пайдалануға берілді

Атыраудың шеткері шағынауданының тұрғындары үшін 20 жаңа автобус сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жаңа автобустар Нұрсая шағынауданының тұрғындарына қызмет етпек. Қазіргі таңда күннен күнге өсіп келе жатқан осы ауданда 3 бағдар бойынша ғана автобустар қатынайды: 30a, 4 және 4 "экспресс". Барлық қоғамдық көліктер "АйстрансХолдинг" ЖШС-ға тиесілі. Тұрғындар автобустардың жетіспеушілігін және қоғамдық көліктерде сығылысып жүргендерін айтып шағымданған. Тасымалдаушы компания басшылығына көліктер санын арттыру жөнінде нұсқау берілді. Осылайша "АйстрансХолдинг" 20 жаңа автобус атып алды. Нұрсая ауданындағы автобус жетіспеушілігі шешілді деп санаймыз", - дейді қаланың көлік, энергетика және байланыс секторының басшысы Қуаныш Ибрагимов.

Басшының айтуынша, алдағы уақытта тағы да мониторинг жүргізіліп, қоғамдық көлік жетіспеушілігі толық жойылған-жойылмағаны анықталатын болады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу