Атырауда 20 жастағы жігіт заңсыз қару алып жүрген

1190

Атырауда 20 жастағы жігіт заңсыз қару алып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Атырауда 20 жастағы жігіт заңсыз қару алып жүрген

Атырау облысында "Қару" іс-шарасы кезінде 20 жастағы жігіттің заңсыз қару сақтағаны белгілі болды.

Облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні қаладағы мейрамханалардың бірінде ұстады. Ол қаруды өзімен бірге алып жүрген. Полиция қызметкерлері қала тұрғынының жеке басын анықтау кезінде, аталған тұлғаның деструктивті діни ағым өкілі екендігін анықтады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 20 жастағы жігітке қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Аталған факті бойынша Атырау облысы ПД ҰББ-не баллистикалық сараптамаға жолданды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу