Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

575

Шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тиым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді.

Атырауда 20 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында халықаралық іздеуде жүрген 1975 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Тексеру барысында шетелдік азамат Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 2-бөлігі және 248-бабы 2-бөлігіне негізделген қылмыстық құқық бұзушылық, яғни қасақана адам өлтіру және заңсыз қару сақтау бойынша халықаралық іздестіру жарияланғаны анықталды", - делінген хабарламада.

1975 ж.т. шетел азаматының уақытша тұратын жерін тінту барысында Қазақстан аумағында тиым салынған діни кітаптар мен дискілер тәркіленді. Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу